Қауіпсіздік ережесі
DOSMUHAMBETOV MEKTEBI
Kemel keleshektiń irgetasy

Қауіпсіздік ережесі

- Өз үйінен, аулаңнан алысқа ұзап кетпе.

- Бөгде адамдардан еш нарсе алма. Бірден басқа жаққа кетіп қал.

- Қараңғы түскенде қыдырма.

- Танымайтын жасөспірімдердің тобына жақындама.

- Адам жүрмейтін жерлермен, жолдың қасындағы орманды алқап, қараусыз қалған үйлер, үйдің төбелері мен бос жертөлелерден аулақ жүр.

- Алыс жолға жалғыз шықпа.

- Танымайтын адамдарға есік ашпа.

- Көршілермен алдын- ала қауіпсіздік белгісімен келісіп ал.

- Танымайтын көлікке отырма.

- Бөгде адамның сұрақтарына «жоқ» деп жауап бер, тез ол жерден адамдар шоғырланған жерге кетіп қал.

- Көлікте, көшеде, подъезде адамдарды көмекке шақыруға ұялма.

- Сені ұстап алуға әрекет жасаса, қиын жағдайға кездессең, күшіңді аяма, айқайла, қашып кетуге тырыс.

Автор: Есенгалиева Ж.К. күні: 20.05.2019

Басты бетке