24.01.2017 жылы, мектебіміздің оқу залында «өлеңге әркімнің- ақ бар таласы» ақындар мүшайрасы болып өтті.
DOSMUHAMBETOV MEKTEBI
Kemel keleshektiń irgetasy

24.01.2017 жылы, мектебіміздің оқу залында «өлеңге әркімнің- ақ бар таласы» ақындар мүшайрасы болып өтті.

Бұлақ көрсең, көзін аш...

Біздің «қара шаңырақ» аталатын гимназиямыздаоблысымыздың түкпір-түкпірінен келген қара көз өрендеріміз білім алуда. Мектебімізде біліммен қатар тәрбиеге аса қатты көңіл бөлінеді. Әл Фараби атамыздың«Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың хас жауы» деген ұлағатты сөзін бойтұмар ретінде ала отырып, оқушының жан- жақты тұлға болып өсуіне жете көңіл бөлеміз. Оның айғағы-мектеп жанынан құрылған түрлі үйірмелер. Вокал, хореография, КТК, түрлі спорттық үйірмелер, сурет үйірмесі, салауатты өмір салтын насихаттайтын үйірмелер балалардың дарындылығын айқындауға септігін тигізеді. Солардың бірі- жас ақындар клубы.Тілі жетік,сөз саптауы қисынды, өз ойларын өлеңмен өре білетін талантты жастардың басын қосқан бұл клубты облысымызға танымал ақын, айтыскер, тіл жанашыры Баймұқанов Дәстен Абылайұлы басқарады.

Жуырда, яғни 24.01.2017 жылы, мектебіміздің оқу залында «өлеңге әркімнің- ақ бар таласы» демекші, ақындықтықтың алғашқы баспалдағында жүрген таланттыларымыздың басын қосқан ақындар мүшайрасы болып өтті. Онда ақындығымен суырылып алға шыққан оқушылар марапатталып, түрлі тақырыптағы өз өлеңдерін ортаға салып, жиналған қауымның көңілдерінен шықты. 8- сынып оқушылары Мұқанов Жалғас Абдукаюмова Дильфуза,Аяған Диас нағыз ақындарша шабыттанып, ел жетістігін жырласа,10- сынып оқушысы Тасболатова Әйгерім нағыз қалыптасқан ақындарша терең ойлы, мазмұнды өлеңдерімен көріне білді.

Бүгінгі жаһанданған, интернеттің белең алған заманында оқушыларымыздың сөз асылы- өлеңге ден қойғаны құптарлық жағдай деп есептеймін.

Тәрбие ісінің меңгерушісі: Ж.К. Есенғалиева


Автор: Есенгалиева Ж.К. күні: 24.01.2017

Басты бетке