Қауіпсіздік ережелері
DOSMUHAMBETOV MEKTEBI
Kemel keleshektiń irgetasy

Қауіпсіздік ережелері

Абайла, жұқа мұз!
- Күз бен көктем айларында мұзға ересектерсіз барма;
- Мұзды оның беріктігіне көз жеткізбей басуға болмайды;
- Мұзды басудан бұрын жақын жерде салынған жолдың немесе жаңа іздің бар-жоқтығын қара, бұл жол тексерілгендіктен соның бойымен қозғалған жақсы;
- Мұздың беріктігін аяқпен тексеруге болмайды;
- Мұздың бойымен алдағы жолды қарай отырып, асықпай қозғалған жөн, ал күдікті жерлерде мұздың жағдайын мықты таяқпен алдыңызды ұрғылай отырып жылжыған жөн;
- Күзде өзен қатқан кезде мұз үстінде ойнауға болмайды;
- Мұз қатқанмен жұқа болады. Оның үстімен жүруге, сырғанауға болмайды;
- Аязда, боранды күні қалың киіну керек;
- Аязды, боранды күні үйден алысқа ұзап шығуға болмайды.

Адам өмірінің қауіпсіздік ережелері


- Қауіпке ардайым дайын болып, оны көре білу керек;
- Еш уақытта үрейленбе. Барлық жағдайда сабырлық сақта. Барлық жағдайдан шығуға болатындығын әрдайым есте ұста;
- Қауіппен бетпе-бет келгеннен гөрі оны айналып өткен жақсы;
- Қауіпке тап болған кезде оған берілмей, күресу керек;
- Қауіппен күресте тек күш пен рух қана емес, білімнің де керектігін жадыңда ұста;
- Босаған, қираған үйлердің, құрылыс алаңдарының маңына барма;
- Көрініп тұрған тоқ желілерін ұстауға болмайды, өйткені жоғары тоқ күші болуы мүмкін.


Мына заттарды байқап қолдану керек:
а) тоқ сөніп қалған уақытта телевизор үтік, шәйнек т.б. қосулы қалдыруға болмайды.
ә) газбен, газ баллонмен қолдану ережесін білу керек. Бұл заттардың иісін сезсеңіз, онда үлкен кісілерді шақырыңыз. Газ баллонның жанына жақындамаңыз.

Жол ережелерін сақтау.
а) Көлік жолымен жүрме, арнайы жүргіншілер жүретін жолмен жүр;
ә) Көлік жолын кесіп өтпе, бағдаршамды дұрыс пайдалан.


Мектеп ішіндегі оқушының қауіпсіздік ережесін сақта.
- Өз-өзіңді ұстай біл, баспалдақты дұрыс пайдалан және онымен жүгірмеу керек;
- Электр жүйесінің маңына жолама;
- Жұмыс кезінде қайшымен, желіммен дұрыс жұмыс істеу керек. Желімнің көзіңе тиюінен сақтан. Құрал-саймандарды дұрыс пайдалан;

- Шұңқырлардан аулақ бол. Жарақаттанудан сақтан.


Көшедегі қауіпсіздік
- Ата-аналар сенің қайда жүргеніңді әр уақытта білуге тиіс;
- Кешке дейін аулада ойнама;
- Көшеде бейтаныс адамдармен сөйлеспе;
- Мастардан, күдікті адамдардан аулақ бол;
- Бейтаныс үлкен адамдардың берген тартуын алма;
- Бейтаныс адамның машынасына отырма;
- Егер сені қуатын болса, адамдар көп жүретін жаққа қарай қаш;
- Бейтаныс жерде ата-анаңды жоғалтып алсаң, сол жерден кетпе;
- Аулада, үйіңде қымбат заттардың көп екендігін айтып мақтанба.

Өрт қауіпсіздігінің ережелері
- Түтіннің иісін сезген бойда үйден немесе мектептен тез шығып кетіңіз. Егер шыға алмасаңыз кез келген сулы шүберекпен ауыз бен мұрынды жауып, еңкейіп (өйткені түтін жоғары көтеріледі) шығып кетіңіз;
- Егер өрт шағын ғимаратта болса, есік пен терезені ашпаңыз: өйткені таза ауа мен желдің кіруі жалынды күшейтеді;
- Егер баспалдақ алаңы от пен түтін құшағында қалса, төбеге шығуға тырысыңыз және сізді өрт сөндірушілер түсіргенше күтіңіз;
- Өрт сөндірушілерді 101 телефонымен шақырғанда оған өз мекен-жайыңызды, телефоныңызды, тегіңізді, қай жерде ненің жанғандығын және өрт сипаттамасын анық хабарлау қажет.

Автор: Есенгалиева Ж.К. күні: 20.05.2019

Басты бетке